Омоним мен синоним

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала тілазар бала, шабан ат жүрдек ат, іскер адам олақ адам, жақсы мінез жаман мінез, қисық ағаш түзу ағаш, тату көрші араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.

Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерде, сын есімдерде, етістіктерде және үстеулерде кездеседі.

Зат есімнен

болған синонимдер

Сын есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Үстеуден болған синонимдер

Ел

Халық

Жұрт

Көпшілік

Жамағат

Сұлу

Әдемі

Келбетті

Ажарлы

Көрікті

Кездесу

Дидарласу

Ұшырасу

Жолығу

Алыс

Қашық

Шалғай

Қиян

Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай болса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер.

  1. Антоним қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

    Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

  2. «Жүзі ашық» тұрақты тіркесінің баламасын ажыратыңыз.

  3. Омоним сөзді көрсетіңіз.

  4. Омонимі бар сөйлемді табыңыз.

  5. Омоним қатысқан сөзді көрсетіңіз.

  6. Омоним болатын сөздер қатарын табыңыз.

  7. Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.

  8. Синонимдік қатарды табыңыз.

  9. Синонимдер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  10. Синонимдер қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  11. «Енжар» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз.

  12. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.

  13. Антоним қатысқан қатарды көрсетіңіз.

  14. Антонимді табыңыз.

  15. Антонимдік жұпты табыңыз.

  16. «Ит терісін басына қаптады» тұрақты сөз тіркесінің антонимін табыңыз.

  17. Антонимі бар қатарды белгілеңіз.

  18. Синоним үстеу сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  19. Туынды етістіктен болған синонимі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  20. Зат есімнен болған синоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  21. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  22. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  23. Зат есімді қос сөзден болған синонимі бар қатарды табыңыз.

  24. «Қуанышы қойнына сыймау» тұрақты тіркесінің синонимін табыңыз.

  25. Көп нүктенің орнына тиісті синонимді қойыңыз. Кішкентай қыз жатырқау, … дегенді білмейді.

  26. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  27. «Ұшан-теңіз» сөзінің синонимін табыңыз.

  28. Синонимдік қатарды толықтырыңыз. Сана, …, …

  29. «Тетелес» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

  30. Қай сөйлемде сын есімнен болған синоним барын табыңыз.

  31. «Нұр» сөзінің синонимін табыңыз.

  32. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  33. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  34. Синоним сөздер қатыспаған қатарды табыңыз.

  35. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  36. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  37. Синонимдік қатарды толықтырыңыз. Туыс, жақын, …

  38. Синоним сөздері бар сөйлемді табыңыз.

  39. «Епті» сөзінің синонимін табыңыз.

  40. Сын есімнен болған синоним сөздер тізбегін көрсетіңіз.

  41. Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

  42. Синоним сөздер қатарын көрсетіңіз.

  43. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  44. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  45. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

  46. Омоним бола алатын сөз қатысқан қатарды көрсетіңіз.

  47. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  48. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

  49. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  50. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  51. Омоним қатыспаған сөйлемді көрсетіңіз.

  52. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  53. Омонимі бар сөйлемді табыңыз.

  54. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  55. Омоним бола алмайтын қатарды көрсетіңіз.

  56. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  57. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  58. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  59. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  60. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.

  61. Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз.

  62. Омоним сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  63. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  64. Омоним бола алатын қатарды белгілеңіз.

  65. Омоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  66. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  67. Біркелкі дыбысталатын, мағынасы әртүрлі сөздердің қалай аталатынын көрсетіңіз.

  68. Көп нүктенің орнына антоним болатын қажетті сөзді белгілеңіз. … жомарт емес, … жомарт.

  69. Антоним сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  70. Антоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  71. Антонимдік жұп қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  72. «Таяқ тастам жер» тұрақты тіркесінің антонимін көрсетіңіз.

  73. «Тәбеті тартпады» тұрақты тіркесінің антонимін көрсетіңіз.

  74. Антонимдік жұбы бар мақал-мәтелді белгілеңіз.

  75. Антонимдік жұп құрай алмайтын сөзді көрсетіңіз.

  76. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  77. Антоним сөздер қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  78. «Рақат» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

  79. Көп нүктенің орнына антоним болатын сыңарды қойыңыз. Өтіріктің балын ішкенше,… уын іш.

  80. «Бағы жанды» тіркесінің антонимін табыңыз.

  81. Көп нүктенің орнына антонимдік жұп құрайтын сөзді қойыңыз. Жақсыдан – шарапат, жаманнан – …

  82. Антоним сөздері бар мақалды табыңыз.

  83. Антонимдік жұп құрай алатын сөзді табыңыз.

  84. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  85. Антоним сөздер қатысқан мақалды табыңыз.

  86. Антонимдік жұпты табыңыз.

  87. Антоним сөзді көрсетіңіз.

  88. Антонимдік қатарды белгілеңіз.

  89. Антоним сөздер қатысқан мақалды табыңыз.

  90. Антонимдік жұп құрай алатын сөзді белгілеңіз.

  91. Антонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

  92. Антоним сөзді көрсетіңіз.

  93. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  94. Омоним болатын сөз қайсысы, көрсетіңіз.

  95. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  96. Омоним сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  97. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

  98. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

  99. «Шебер» сөзінің антонимін табыңыз.

  100. Синоним сөздер қатарын көрсетіңіз.

  101. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.

  102. «Қас пен көздің арасында» тұрақты сөз тіркесінің синонимін табыңыз.

  103. Антоним сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  104. Синоним емес сөздерді көрсетіңіз.

  105. Синонимдер қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  106. Антоним сөздерді табыңыз.

  107. Антоним болмайтын қатар (-лар)

  108. Құрамында синонимдес сөздері бар сөйлем (-дер)

  109. Омоним сөз (-дер)

Карта слов и выражений русского языка

Онлайн-тезаурус с возможностью поиска ассоциаций, синонимов, контекстных связей
и
примеров
предложений к словам и выражениям русского языка.

Справочная информация по склонению имён существительных и прилагательных,
спряжению
глаголов, а также
морфемному строению слов.

Сайт оснащён мощной системой поиска с
поддержкой русской морфологии.

Разбор слова
по составу ОНЛАЙН

Подобрать синонимы
ОНЛАЙН

Найти предложения со словом
или
выражением ОНЛАЙН

Поиск по произведениям русской классики
ОНЛАЙН

Словарь афоризмов русских писателей

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы
Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі»КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі
Ернісова Гүлтас Ернісқызы

Қазақ тілі5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік — антоним сөздерді бір — біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,
Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;
Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, жұппен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар, кепе карталар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
а)(психологиялық дайындық.)
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз — талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ Өткен сабақты пысықтау
«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:
1. Лексика дегеніміз не?
2. Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.
3. Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?
Омоним мен синоним сөздерге мысалдар келтіру

ІІІ Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
«Ой қозғау»
Ендеше, балалар, суретке назар салайық
Суретте нелер бейнеленген? Олар нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
(Слайдта бейнелер шығады)

ІV. Жаңа сабақ.
Өзіндік ізденіс – білім негізі.
Интерактивті тақтадан биік үй мен аласа үй суреті т. б салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.
— Балалар, антоним грек тілінде anti – қарсы, onota — атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?
— Мағыналары бір — біріне қарама — қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.
Мысалдар келтіріп, кітаптағы ережемен салыстырады.
— Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Тақтаға жазылған мақал — мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал — мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
(дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады)
• Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
• Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
• Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жаңылтпаштар.
• Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
• Күн бе, түн бе,
Пілге мінбе.
• Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш,
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

Жұмбақтар.
• Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. /жұлдыз/

АНТОНИМ

• Сын есім
ауыр — жеңіл,
кең — тар,
ыстық — суық,
жас — кәрі
артық — кем,
аш — тоқ,
арық — семіз,
оңай — қиын

•Етістік
озу — қалу,
кету — келу,
қону — ұшу,
шашу — жинау,
ашу — жабу,
кіру — шығу,
күлу — жылау,
сату — алу

•Зат есім
өтірік — шын,
обал — сауап,
алғыс — қарғыс,
рахат — бейнет,
бақ — сор,
өмір — өлім,
пайда — зиян,
жаз — қыс,
күн — түн

Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма. (жеке жұмыс)
Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу (ішінде антоним сөздер болуы шарт).
Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма. Берілген мәтін сөйлемдері ішінен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу.
Кітаппен жұмыс жаттығу орындау
92 — 93 жаттығу
Пәрмен, дәрмен сөздерімен сөздік жұмысын жүргізу

V. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп — кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі. ( антоним сөзді тап )
Жаттығу жұмыстары

Интерактивті тақтадан антонимдердің сыңарын сәйкестендір
Қысқа ——-ауру
Алыс ———қымбат
Арзан——— Жеңіл
Жаз ———-Ыстық
Суық ———-Жақын
Биік ———-Ұзын
Сау ————Қыс

Сабақты бекіту
Мақалда түсіп қалған антонимдерді орнына қой
Туған жердің…. де ыстық
… де ыстық

… ұяты әкеге
… ұяты шешеге

… шөп батады
… сөз батады

Көз…
Қол…

Істеу…
Сынау…

… сөз — көмір
… сөз – алтын

Семантикалық картамен жұмыс
Орта деңгей
Мысалдар ———— Зат есім ——— Сын есім ——— Есімдік ———— Етістік
Жоғары — төмен
Аз – көп
Күн – түн
Қуану – ренжу
Анау – мынау
Ақ – қара

Төменгі деңгей
Мысалдар ——— түн ——- мынау ——- көп ——— ренжу ——— төмен
Жоғары —
Аз –
Күн –
Қуану –
Анау –

Бағалау
Мұғалім — оқушы ортақ бағалау

Қорытынды
БЛОБ ағашына өз деңгейін іледі.
Сонымен оқушылар бүгін біз антонимдерді оқыдық: Оларды қолданудың қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
Үйге тапсырма
Ережені жаттау

Толық нұсқасын жүктеу

Бесплатный большой онлайн словарь синонимов русского языка. Удобный поиск, сортировка, возможность сохранить файл синонимов. Использование материалов сайта разрешено только после согласия Администрации проекта.

18+

Обратная связь

омоним — синонимы и близкие по смыслу слова

омоним — существительное. В русском языке в качестве синонимов к слову чаще всего используются: слово, формула, термин, глагол, афоризм. К редко используемым словам-синонимам относятся: антоним, лексема, сентенция, эпиграмма, прилагательное. Всего в словаре 13 синонимов:

  1. антоним
  2. афоризм
  3. вульгаризм
  4. глагол
  5. каламбур
  1. лексема
  2. прилагательное
  3. сентенция
  4. синоним
  5. слово
  1. термин
  2. формула
  3. эпиграмма

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Омологировать синоним
  • Омолаживает синоним
  • Омографы омофоны омоформы синонимы
  • Омнопон синонимы
  • Омнитус синонимы и аналоги